Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді. Қазақстан Үкіметі тиісті қаулыны қабылдады. Айта кету керек, компания «Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1 млрд текше метрден астам газ өңдеу зауытын салу» жобасының операторы болып табылады. Жеке инвестордың оны жалғастырудан бас тартуына байланысты ол «QazaqGaz» Ұлттық компаниясының балансына өтеді. Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.