Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы қазірдің өзінде 29,5 миллион доллардан асты

Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы қазірдің өзінде 29,5 миллион доллардан асты

Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы қазірдің өзінде 29,5 миллион доллардан асты. Бұл әлі шекті көрсеткіш емес. Тараптар өзара сауданы ұлғайту және логистика мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін айтарлықтай әлеует бар екеніне сенімді. Айта кетерлігі, екі ел кәсіпкерлерінің өзара инвестициясы да біршама артқан. Соңғы 16 жылда Грузиядан Қазақстанға тікелей инвестицияның жалпы ағыны 285 миллион доллардан асты. Ал біздің республика Грузия экономикасына 495 миллион доллардан астам инвестиция құйған.

Георгий Джахуташвили, Қазақстан – Грузия экономикалық бірлестігінің Басқарма Төрағасы:

– Сауда саласында өте жақсы серпін бар. Елдер арасындағы сыртқы сауда шамамен 28%-ке артып, тұрақты бағытқа айналуда. Бүгінде бұрыннан келе жатқан жеке өнімдер, категориялар ғана бар. Бірақ біздің мақсатымыз – Қазақстан мен Грузияның әлеуетті экспорттық өнімдерінің барлық мүмкіндігін көріп, қолдану.

Ирина Квахадзе, TVS Capital Зерттеу Қызметінің басшысы:

– Қазақстанның экономикасын зерттеп, баяндама жасап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын көрсеттік. Әсіресе туризм бағыты жақсы дамыған. Экспорт саласына келсек,  Қазақстан Грузия үшін негізгі экспорттаушы ел болмаса да, көш бастап тұрған тауарлары бар.