Қазақстанда көлік және логистика секторындағы инвестиция 5% өсті

Қазақстанда көлік және логистика секторындағы инвестиция 5% өсті

2021 жылдың басынан бері көлік және қойма шаруашылығының негізгі капиталына 1 трлн теңгеден астам инвестиция құйылды, деп хабарлайды Finprom порталы. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% артық. Инвестициялардың ең көп үлесі ел астанасына тиесілі. Мұнда аталған көрсеткіш 191 млрд теңгеге жуықтады. Үздік үштік тізімінде 169,9 млрд теңге инвестиция тартылған Алматы облысы мен 121,5 млрд қаражат салынған Алматы қаласы да бар.

Айта кетерлігі, барлық инвестицияның жартысы кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылған.