ШОБ жалға беру мен коммуналдық төлемдерден босатылады

Алматы әкімдігі тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді коммуналдық шығындардан үш айға босатуға уәде берді. ШОБ субъект өкілдерінің жалға алу ақысы да кейінге қалдырылады деп күтілуде. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазірдің өзінде жеке нысан иелерімен жеңілдіктер беру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ коммуналдық шығындар жергілікті бюджет есебінен жабылады. Жалға беруге қатысты мәселелер келтірілген залал сомасына байланысты жеке шешілетін болады.

Қала басшысы зардап шеккен алматылық дәрігерлер, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер де өтемақы алатынын атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- Жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді. Ауыр жарақат алғандар 2 млн, орташа жарақат алғандар 1 млн, жеңіл жарақат алғандар 500 мың теңге алады.

Алматыда қаңтар қырғынында көз жұмғандардың құрметіне пантеон салынады

Сондай-ақ Алматы әкімі қалада қаңтар оқиғасы мен тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналған пантеон салынатынын айтты.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен жақында қаңтар оқиғаларына арналған пантеонның эскизін дайындауға арналған ашық сәулет байқауы жарияланады.

Авторы: Гүлбану Тәжібек