Қ.Тоқаев: инфляция 2025 жылға қарай 4% аспауы тиіс

Қ.Тоқаев: инфляция 2025 жылға қарай 4% аспауы тиіс

«Қазақстандағы жыл сайынғы инфляция 2025 жылға қарай 4% аспауы тиіс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында мәлімдеді», деп хабарлайды Хабар 24. Мемлекет басшысы Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны бақылау бойынша жедел шаралар кешенін әзірлеуі керектігін тапсырды. «Импортқа тәуелділікті, шектен тыс делдалдықты азайту және несие саясатының құралдарын қамту керек», - деді Президент.