Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік тасымал көлемі артты

Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік тасымал көлемі артты

Соңғы 10 жылда Қытайдан Еуропаға ЕЭО елдері арқылы контейнерлік тасымал көлемі жылына 7 мыңнан 600 мың контейнерге дейін өсті. Еуразиялық даму банкінің бағалауы бойынша, ең перспективалық бағыттардың бірі – Қазақстан арқылы өтетін «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі. Мамандардың есебі бойынша, ол арқылы жылына 5 млн тоннаға дейін сусымалы және 2 мың контейнерлік жүк тасымалданады. 10 жылдан кейін осы бағыт 15-25 млн тоннаға дейін контейнерсіз жүктерді және 300-600 мың контейнерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл көлемді «Батыс-Шығыс» дәлізі бойынша қазіргі тасымалдаумен салыстыруға болады. «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізінің артықшылығы «Еуропа-Қытай/Қытай-Еуропа» бағытында транзиттік уақыттың айтарлықтай қысқаруы және теміржол контейнерлік тасымалы көлемінің артуы болып табылады.