Қазақстанның жалпы ішкі өнімі келер жылы 4,2% жетеді

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі келер жылы 4,2% жетеді

Биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,8%, ал келер 2022 жылы 4,2% құрайды. «Елдегі іскерлік белсенділіктің артуына мемлекеттік бағдарламалар оң ықпал етеді», – дейді мамандар.

Еуразиялық даму банкі сарапшыларының болжамына сәйкес, биыл елде іске қосылған 10 ұлттық жоба таяу жылдары экономиканың дамуына серпін береді. Ал инфляцияның өсімі 2022 жылдан бастап тежеледі және 4-6% деңгейінде тұрақтауы мүмкін. Оған әлемдегі көліктік-логистика саласындағы кедергілердің азайып, базалық мөлшерлеменің жандануы ықпал етеді.

Авторы: Гүлбану Тәжібек