ШЫҰ елдері арасындағы өзара сауда өсуде

ШЫҰ елдері арасындағы өзара сауда өсуде

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы небәрі 7 айда 19% өсіп, 36,5 млрд долларды құрады. Жетекші салалардың бірі – агроөнеркәсіп. Мұнда жыл сайын айтарлықтай өсу байқалады. Транзиттік-көліктік әлеует те елеулі прогресті көрсетіп отыр. Еліміз арқылы өтетін жүк тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жыл басынан бері 25% артық. Жалпы пандемияға қарамастан, осы жылдың 7 айында ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 40% өсті. ШЫҰ елдері бүгінде қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. Олар түрлі саладағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуді жоспарлап отыр. Одан басқа ұйым азық-түлік қауіпсіздігі резервін және азық-түлік секторында инвестициялық қор құруды жоспарлауда.

Ли Кецян, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі:

- Өз тарапымыздан ШЫҰ елдерінен азық-түлік, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға дайынбыз. Бұл елдер арасындағы өзара сауда теңгеріміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Аталмыш шаралар практикалық ынтымақтастықтың берік негізін қаласын.