Қазақстан халқының инвестициялық белсенділігі артты

Қазақстан халқының инвестициялық белсенділігі артты

Ел азаматтары тапқан табысын жұмсағаннан гөрі тиімді қаржы құралдарына айналдыруға ден қойған. Бұл халқымыздың қаржылық сауаттылығы артқанын және қаржы нарығына деген сенімінің күшейгенін көрсетеді. Биыл инвестициялық пай қорларына салым көлемінің еселенгені байқалады. Мысалы 1 қазандағы жағдай бойынша интервалды және ашық инвестициялық пай қорларының таза активтерінің сомасы рекордтық 129 млрд теңгеге жеткен. Finprom.kz порталының хабарлауынша, бұл өткен жылғы кезеңдегіден 2,2 есе көп. «Активтердің 95% валюталық инвестициялық пай қорларына тиесілі. Өйткені мұндай қорлар шетелдік валютадағы депозиттерге қарағанда көбірек табыс табуға мүмкіндік береді», – дейді сарапшылар.

Авторы: Гүлбану Тәжібек