Қазақстан электр қуаты ең арзан елдердің тізіміне енді

Қазақстан электр қуаты ең арзан елдердің тізіміне енді

Қазақстан – электр қуаты ең арзан мемлекеттердің бірі. Еуропа елдерінің халыққа электр қуатының қолжетімділігі рейтингінде еліміз алдыңғы орында. Одан кейін ең арзан елдер тізімінде Ресей мен Украина тұр. Ал көш басында Норвегия мен Исландия. Бұл елдерде электр қуатын тұтыну көрсеткіші де жоғары. Ал Қазақстан электр қуатын тұтыну бойынша 40 елдің ішінде 8-орынға жайғасқан. АйЭй зерттеуіне сүйенсек, Қазақстан сонымен бірге халықты электр қуатымен 100% қамтыған мемлекеттер қатарына кіреді. Биыл елімізде электр қуатының өндірісі 7,7% өскен.