Қазақстанның 2020 жылғы авиация саласы

Биыл Қазақстанда жолаушыларды таситын әуе тасымалы қызметі шамамен 9% арзандады. Бұл авиакомпаниялардың 2019 жылмен салыстырғанда пандемияға байланысты 40% аз жолаушыларды тасымалдағанына қарамастан. Мамандардың айтуынша, азаматтық авиациядағы мұндай жағдай бүкіл әлемде байқалады. Ал халықаралық әуе көлігі қауымдастығының бағалауы бойынша, азаматтар тасымалының көлемі 2019 жылдағыдай деңгейге тек 2023 жылы ғана қайта қалыпқа келеді.

ПИТЕР ГРИФФИТС, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Пандемия елдегі барлық авиакомпанияларға өз әсерін тигізді. Қазақстанға да  шеттеп қалмады. Індет өршіп тұрған кезде барлық әуе қатынасы тоқтатылған болатын. Қазақстанда біздің азаматтарымыздың репатриациясы үшін, сондай-ақ кейбір мұнай-газ операцияларына маңызды болған кейбір рейстер ғана сақталған еді. Қазіргі таңда біз ішкі авиарейстердің жаңарғанын және жақсы деңгейде жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Сондай-ақ оннан астам халықаралық бағыт қайта қалпына келтірілгенін атап өткен жөн.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі басшысының айтуынша, келесі жылы Қазақстанның және өзге мемлекеттердің тұрақты авиарейстері қайта қалпына келтіріледі деп жоспарлануда.