Қазақстан Украинаға көмірдің алғашқы партиясын жеткізеді

Қазақстан Украинаға көмірдің алғашқы партиясын жеткізеді

Қазақстан осы аптаның соңына дейін көмірдің алғашқы партиясын көршілес Украинаға жөнелтпек. Оның көлемі 4 мың тоннадан асады. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, ішкі өндірумен қатар, Қазақстан, АҚШ және Польшадан әкелінетін көмір елге жылыту маусымын сәтті өткізуге мүмкіндік береді.

«Украина энергожүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін біз бірінші кезекте өзімізде өндірілетін көмірді пайдаланамыз. Сонымен қатар компаниялар арасында бірінші болып Польша, АҚШ және Қазақстан алдын ала импорттауды бастады», – деп мәлімдеді Украина энергетикалық компаниясының бас директоры Ильдар Салеев.