Қазақстанда транзиттік тасымал көлемі артты

Қазақстанда транзиттік тасымал көлемі артты

Қазақстанда өткен жылдың соңында барлық түрдегі тасымал көлемі 4 млрд тоннаға жуықтады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6% төмен. Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, әуе және автомобиль көлігі тасымалына қарағанда теміржол жеткізілімінде тұрақтылық байқалып, өсім 4% көрсетті. Транзиттік тасымал көлемі де артты. 2021 жылдың 7 айында көрсеткіш 37% артқан. Бұл әсіресе «Қытай-Еуропа-Қытай» дәлізіне қатысты.

Азамат Қожанов, ҚР ИИДМ Көлік логистикасын дамыту басқармасының басшысы:

- Автомобиль және теміржол жүк тасымалында шектеу шаралары болған жоқ. Жүк аймақтардан көршілес облыстарға, жалпы Қазақстан бойынша жөнелтілді.