Ат баптау – атадан қалған асыл мұра

Ат баптау – атадан қалған асыл мұра

Ат баптау – атадан қалған асыл мұра. Бұл – мыңжылдық тарихы бар дәстүрлі өнер.

Жылқы көшпендінің ұшса қанаты, қонса тұғыры болған. Сондықтан байырғы қазақтар жылқыны қолға үйретіп, оны баптап баулуда үлкен жетістікке жетті. Жылқыны күнделікті көлік ретінде мінді, байлық ретінде өсірді, ішсе сусын болды. Содан шығар, ата-бабаларымыздың өмірінде жылқыдан қасиетті түлік жоқ.

Ат баптау – жыл бойы жалғасып отыратын, орта жолдан үзіп тастауға болмайтын өнер. Өйткені аттың бір рет бабы бұзылса, оны қалыпқа түсіру қиын. Бәйгеге дайындайтын атты күніне бес-алты сағат кешкі салқынмен тақырлау жерге ақырындап бағады. Күн ысығанда қораға немесе ағаштың саясына байлайды.

Аттың бабына, күйіне қарай күнде немесе күнара терін алып таңасырып суытқан. Таңертең және кешке екі рет суарады. Шөлін қандырмай, алдымен ақкөбік терін алады. Ол – жүйрік аттың алғашқы ащы тері.

Нәркен Қалибеков, атбегі:

- Тері алынған мен алынбаған ат екеуі екі түрлі болады. Таза аттың денесі құрғақ, көңілді, таза. Демалысы да, тынысы да кең болады. Ал дайын емес ат ұйқысы қанбаған адам секілді бір демі жетпей тұрады. Одан әрі аттың күшіне қарай суыту керек. Атың алысқа шаба ма, жоқ жақынға ма, сонысына басты назар аудару керек.

Ат баптаудың қыр-сырымен толығырақ «Асыл мұра» бағдарламасында Нәркен Қалибеков таныстырады.

×