Ләззат Шатаева

Ләззат Шатаева

Ләззат Шатаева – продюсер, редактор және тележүргізуші ретінде тәжірибесі мол журналист. Ол Қазақстанның «Qazaq TV» ұлттық арнасында халықаралық ақпарат бөлімін басқарып, әр түрлі жанрлардағы бағдарлама өндірісін ұйымдастырады. Ләззат саясат, экономика және халықаралық қатынастар саласындағы өзекті тақырыптарға арналған сұхбат форматындағы «Impactful» апталық бағдарламасын жүргізеді. Ол аймақтық конференцияларға мен кездесулерге, соның ішінде Халықаралық қаржы қоры, Азиялық таратушылар одағы, Нобель фестивалі, Әлемдік экономика және саясат институтынының шараларына модератор ретінде жиі тартылады.

Ләззат Парижде орналасқан «L’Institut Choiseul» зерттеу орталығына Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері арасында экономикалық байланыстарды нығайту мәселесі бойынша кеңес береді. Ол Нью-Йорк Университетінен гуманитарлық ғылым магистрі дәрежесін және «ESCP Europe» университетінен халықаралық бизнес магистрі дәрежесін иеленген. Ләззат қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

 

×