Неліктен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін түркі халықтары қасиетті деп таниды?

Неліктен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін Орталық Азиядағы барлық түркі халықтары қасиетті деп таниды? Қазақ хандарының қабірлері қайда орналасқан? Он төртінші ғасырға жататын алып тайқазанның салмағы қанша? Бұл туралы «Қазақстанға қош келдіңіз!» жобасының жаңа шығарылымында баяндаймыз.

Түркістан шаһарының тарихы тұңғиықта жатыр. Керуен жолдарының тоғысындағы қала туралы алғашқы деректер біздің заманымызға дейінгі 500 жылдардағы жазбаларда кездеседі. Алдымен қала Шавғар, кейін Яссы деп аталды. Түркістан бекінісін бір де бір жау ала аламаған. Дәл осы жерде Ұлы ақын және әулие Қожа Ахмет Яссауи өмір сүрді.

Қожа Ахмет Яссауиді Орталық Азияның барлық түркі халықтары қасиетті деп таниды. Бұл ерекше құрмет сопының халық жадында өшпес ерекше із қалдырғанын көрсетеді. Ясауи негізін қалаған ілім, яғни Яссауи Тариқаты ғасырлар бойы маңызды ілім саналды. Тіпті 19 ғасырда Бұқара әмірінің шейхтері осы ілімді ұстанған.

Қожа Ахмет Ясауи мемориалдық кешені - өте үлкен ғимарат. Күмбезді құрылымдардың әркелкілігі таңқалдырады. Крест доғалар, тромпты, желкенді және параллельді аркалар және басқа да көптеген сәулет элементтері пайдаланылған.

Қожа Ахмет Яссауи кешені ежелден бері бірнеше қызмет атқарған – кесенеден бөлек ол мешіт, діни медрессе, кітапхана, әкімшілік ғимарат болған. Қазақ хандығы дәуірінде нысан қазақ хандарының резиденциясы ретінде пайдаланылды. Енді оның ішінде не бар екенін көрейік.

Қазандық – бұл он сегіз жарым метрлік орталық зал. Мұнда он төртінші ғасырға жататын алып тайқазан орналасқан. Бұл тайқазан – Әмір Темірдің тағы бір сыйлығы. 1393 жылы ол Тебризден келген әйгілі шеберге арнайы тапсырыспен жасатқан.

Кесене отыз алты бөлмеден тұрады. Ең бастысы – Қожа Ахмет Ясауидің қабірі орналасқан бөлме. Бұдан басқа, кіші сарайда қырық үш құлпытастан тұратын қазақ хандарының қабірлері де бар.

Ғасырлар өтті, хандықтар ауысты, бірақ Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне уақыттың әмірі жүрмегендей.Бұл ерекше мекен қасиетті адам ешқашан халық жадынан жоғалып кетпейтінін және оның қабірін ұрпақтары әрдайым қадір тұтатынын дәлелдейді.