Қазақстанның курорттық аймақтары – Шалқар және Имантау көлдері

Бурабай – Қазақстанның ең басты демалыс орны. Оны барлығы біледі. Бірақ, кейбір жандар одан алыс емес жерде тағы бір тамаша туристік аймақтың барын естімеуі мүмкін. Ол – Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданындағы Шалқар және Имантау көлдері.

Біз саяхатымызды көркіне көз тоймайтын Шалқардан бастаймыз. Мұндағы су тұзды, бірақ соның өзінде өте мөлдір. Көлдің ұзындығы 12 шақырымды құрайды, ал тереңдігі 15 метрге жетеді. Шалқардың бір жақ бөлігін қалың орман алып жатыр. Келесі жақтағы жағалауға күннің көзі түседі.