Солтүстік Қазақстанның татар көпестері қалдырған сәулет мұрасы

Татар мешіттерінің бірегейлігі неде? Әлемдегі ең ұзын жаяу жүруге арналған көше қайда орналасқан? Солтүстік Қазақстанның татар көпестері қандай сәулет мұрасын қалдырды?

1897 жылғы санақ бойынша Петропавлдың әрбір үшінші тұрғыны ана тілін татар тілі деп атаған. Қаланың жүзден астам дворяндары - татарлар, ал олардың үштен екісі көпестер болған.

Петропавл Қазақстанның солтүстік қақпасы саналады. Кезінде шаһар арқылы негізгі сауда жолдары өткен, сәйкесінше мұнда бай-бақуатты саудагерлер мен көпестер өмір сүрді, ал ХІХ ғасырдың аяғында қалада ерекше татар диаспорасы құрылды. Бұл диаспора ұрпақтарына нендей мұра қалдырды?