Петропавл қаласындағы Әулие Петр бекінісі

Петропавлдың жебеуші әулиелері деп кімдерді атайды? Қаладағы ең көне ғимараттың тарихы қандай? Қазақстанның солтүстігінде қандай храмдар сақталған?

Қазақстан – түрлі дін өкілдеріне үлкен құрметпен қарайтын көпұлтты мемлекет. Мысал ретінде Петропавлды алуға болады. Мұнда бір көшеде мешітті, католик шіркеуі және православие храмын көруге болады. Бүгін біз сіздерге осы қаланың қасиетті рәміздерінің бірі туралы айтып береміз.

Петропавл тарихы басталатын Әулие Петр бекінісі 1752 жылдың 12 шілдесінде құрылды. Православие сенімінде бұл күні құдайдың қасиетті елшілері Петр мен Павл құрметтеледі. Сондықтан олар жаңа қаланың қасиетті қорғаушылары болды деген сенім бар. Бүгінде бұрынғы бекіністен де, сарбаздарға арналған алғашқы шіркеуден де ештеңе қалмады десек болады. Бірақ, білуге тұрарлық дүниелер баршылық.