Солтүстік Қазақстан мен поляк діндарларын не байланыстырады?

Солтүстік Қазақстан мен поляк діндарларын не байланыстырады? 1941 жылы Ұлы далада нендай таңғажайып құбылыс болды? Төрткүл дүние католиктері Тайынша ауданындағы шағын ауыл туралы қайдан біледі? Сұрақтардың жауабын «Welcome to Kazakhstan» жобасының жаңа шығарылымынан білесіздер.

Поляктар үшін қиын-қыстау кезеңде Қазақстан олардың екінші Отанына айналды. 12 қасиетті алтарьдің бірі Солтүстік Қазақстан облысындағы Озерное ауылына бұйырғаны тектен тек емес. Бұл мейірімділік, өзара көмек және қонақжайлылықтың мәңгі ұмытылмайтынының белгісі.