Қоржын ашу дәстүрі

Бүгін қыздар қоржын ашу дәстүрін қаншалықты білетіндіктерін сынаймыз. Әдеттегідей қазылар алқасы бағасын беріп, төрелік ететін болады. Алайда қоржын ашу – осы сайыстың бастамасы ғана. Қатысушыларымыз қоржын ашу дәстүрінің жөн-жосығын толық қамти алады ма? Жарыс қалай аяқталады? Ал келесі шығарылымда сайысқа жігіттер түсетін болады. Жігіттердің қазақша күрестен белдесулеріне шіліңгір ыстық кедергі болады ма? Денсаулығы сыр беріп, жекпе-жектен бас тартқандар кім? Қай топ жеңіске жетеді? Бұл қызықтың барлығын жобаның келесі санынан тамашалай аласыздар!