Қошқар, бұзау және тана көтеруден сайыс

Ауыл – ұлттық құндылықтардың қайнар көзі. Еліміздің тарихында бұл құндылықтардың алатын орны ерекше. Ауыл – ұлттық мәдениеттің, тәрбиенің тал бесігі. Сондықтан да қазіргі жастарымызды дәл осы бағытта тәрбиелегеніміз өте маңызды.

«Байланыс аясынан тыс жерде» реалити-шоуының мақсаты да осы. Алматыдан қатысушылар үшін арнайы қонақтар келді. Олар: төс сүйекпен көлік тартып рекорд орнатқан палуан – Айдын Нұржұма мен түйе көтеріп 3 көлік тартқан – Алмат Жұманов.

Жігіттер қошқар, бұзау, тана көтеруден сайысады. Ал қыздарды қандай сайыс күтіп тұр? Оны келесі шығарылымнан көресіздер! Қызықтың бәрі алда!