Қай команда жеңімпаз атанды? | Соңғы бағдарлама

Ұлттық өнер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, атакәсіп, ауыл тіршілігі мен дала философиясынан хабар беретін бұл жоба бүгін өз мәресіне жетпек. Осы күнге дейін 11 бағдарлама түсіріліп, 3 айға созылған жобамызды қорытындылайтын сәт келді.

Бүкіл республикадан арнайы кастинг арқылы жиналған 12 қатысушы 11 бағдарлама бойы қазақтың ұлттық өнерімен, спортымен, дәстүрімен, ғұрпымен, кәсібімен танысты. Өмірлік тәжірибе жинады. Ой қорытты.

Қай топтың бағы жанып, жеңіске жетті? Бағдарламаны соңына дейін қарап шығыңыздар!