Екі команда асарлатып үй салды

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», - демекші, өткен бағдарламаларда біздің қыз-жігіттер осы «Қызыл әскер» ауылының тұрғыны Қуандық атамыздың салып жатқан үйіне кірпіш құйып көмектессе, тағы бірде осы ауылдың жігіттеріне шөп жинасты. 

Бүгін де сол ата дәстүрді жалғастырып, Аманжол есімді азаматтың үйін салуға жәрдем бермекшіміз. Екі топ та мына басталып қойған үйдің балшығын илеп, кірпішін қалап, еңбек сайысына түседі. 1 сағат ішінде қай топ бір қабырғаны қалап шығатынына бақылаймыз. Жеңген топқа әдеттегідей ұялы телефонын 1 сағатқа беріледі.