Диірмен тартып, көкпар ойнады. Алғашқы тапсырма

«Байланыс аясынан тыс жерде 2» реалити-шоуының алғашқы шығарылымы!

Жобаның бұл шығарылымында жігіттер ұлттық ат спорты ойындарының бірі – көкпар тартудан сайысқа түседі. Ал қыздар диірмен тартып жарысады.

Қатысушылар алғашқы тапсырманы қалай орындайды? Қай команда жеңіске жетіп, жақындарына хабарласу мүмкіндігіне ие болады? Қызықтың бәрі алда! Бірге тамашалауға шақырамыз!

Қатысушылар: Бауыржан Нұрымбетов, Жандәурен Мәдиев, Жұмабек Елеуов, Бурханов Алишер, Жангелді Хамитов, Назар Исмагулов, Дана Жинақбаева, Әсел Тілеубердиева, Риза Ілиясова, Әсел Сейдахметова, Кенжегүл Жорабаева, Қымбат Кеңесбай.

Бағдарлама жүргізушілері: Алма Алишева, Тахир Сұлтан