Египет тарихындағы алғашқы әйел билеуші Шаджар ад-Дурр қыпшақтың қызы ма?

Қазақ халқының «Египет» дегенде, ең алдымен еске алатыны – Сұлтан Бейбарыс.

Бірақ одан бұрын да, одан кейін де «Дешті-Қыпшақтан» келіп, осы өңірдің дамуына өз үлесін қосқан ұлы тұлғалар қаншама. Олардың артында қалған асыл мұралары, бұл күнге дейін анықталмаған еді. Сол көмбеде жатқан көне дүниелерді іздестіру міндетін – «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы алғаш болып атқарды. Керуен сапы Каирге сапарында Египет тарихындағы бірінші, мұсылман әлеміндегі екінші әйел билеуші Шаджар ад-Дурдың кесенесін тапты. Ол 1250 шы жылы Мысыр елінің билігін тізгіндеген. Содан «Қыпшақ мәмлүктерінің» тарихы басталады.

- Мысыр жеріне құл болып барған ата-бабаларымыз, яғни мәмлүктер неліктен «Бахри династиясының өкілі» деп аталады?

- Араб елдерінің тарихындағы алғашқы әйел билеуші Шаджар ад-Дуррдың – қыпшақ екенін қандай дерек растайды?

- Құтыз бен Бейбарыс мұсылман әлемін қатерлі жаудан қалай құтқарып қалды?