Аңызға толы Ақыртасты салған кімдер?

«Бабалар ізімен» экспедициясының Жамбылдағы саяхаты Сақ мәдениетінің сарқытынан басталды. Бұл – ерте Темір дәуіріне жататын Қазақ даласындағы ең ірі ескерткіш Берікқара қорымы. Мұнда 500-ге жуық оба бар. Кейбірінің үстіне ақ кварцты тас үйілген. Таптық деңгейде танытатын белгі іспетті. Қазба кезде табылған алтын сырғалар, күміс қасықтар, қола айналар мен қыш ыдыстар – Сақ өркениетінің Батысты бірнеше ғасырға басып озатынын білдірсе керек.

Ерте заманның ендігі бір ерекше сыйы – Қарасай шатқалындағы таңбалы тастар. Қола және ерте Темір дәуірлеріне жататын бейнелер нені білдіреді? Ежелгі Тараз қаласының сәулет мәдениеті ертеректе Еуропа қалаларынан әлдеқайда басып озғаны рас па? Бұл сұрақтардың жауабын бағдарлама барысында толық біле аласыздар.