Қазақтың алып тұлғаларын тудырған қайран Семей...

Атом дейтін алтыбасты аждаһаның қасіретін тартса да, қасиетінен айрылмас – қайран, Семей. Жалғыз қазақтың емес, күллі адамзаттың рухани шамшырағы Абай сынды алыпты тудырған «өлкенің рухын өшіремін» дегендердің өздері жұтылып кеткеніне жұмырбасты пенде куә. Ал киелі өңір жаңа заманда жаңғырып, тарихи орталық мәртебесіне қайта орнықты. Ойшылдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында, аңыз қаланың, абыз қаланың абыройын асқақтату шаралары қолға алынды. Семейдің еңсе тіктеуі – ел өміріндегі елеулі оқиға.

Ғылыми экспедиция тарихи орталық Семейде. Қозы-Көрпеш-Баян сұлу кесенесінің жанында болған мүсіндерді Германияға алып кеткені туралы ақпарат берген кім? Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде қандай ерекше жәдігерлер сақтаулы тұр? Абай мұражай-үйінің ауласында тұрған арбалармен Абай Жидебайдан Семейге дейін неше күнде жеткен?