Қоңыр әулие үңгірінің Қыдыр атамен қандай байланысы бар?

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы – Баянауылда. Нулы да сулы мекен сұлу табиғатымен қалай тамсандырса, талайғы тарихымен де тап солай таңғалдырар. Керуен сапы бағыт алып бара жатқан – Қоңыр әулие үңгірі – сөзіміздің айқын дәлелі.

Ғылыми экспедиция – «Ертіс-Баян» өңірінде. Қоңыр әулие үңгірінің қазақ танымындағы Қыдыр атамен қандай байланысы бар? «Қызыл кітапқа» енген Торайғырдағы ағаштар несімен ерекше? Павлодар маңынан табылған күйме қимақ-қыпшақ қалаларына қатысты қай пайымды нақтылайды?

Қоңыр әулие үңгірі Баянаула тауының батыс сілемі – Аққарағайдың күнбатыс жағында орналасқан. Аудан орталығымен арасы – 17 шақырымдай. Ал биіктігі теңіз деңгейінен 820 метрдей. Етегінде тұрғанда еркін шығатындай есеп қыласыз. Алайда, жақпар тастарды жағалай көтерілу оңай емес. Соған қарамастан, халық арасында қасиетті саналатын орынды көруге ниеттілер көп.