ТОРҒАЙ | Амангелді Имановтың портретіне қауіп төнгенде, сақтап қалған кім?

Ғылыми экспедиция Торғай жерінде. Бұл өлкедегі бірегей геоглифтер қай уақытта және қандай мақсатта жасалған? Ғұн-сармат заманына жататын қорғандардағы жерлеу әдісі несімен ерекше? Арқалық қаласындағы облыстық дала тарихы музейінде сақтаулы тұрған Амангелді Имановтың портретіне қауіп төнгенде, сақтап қалған кім?

Адамзат өркениетінің алтын бесігі – Азия, соның ішінде бүгінгі Қазақстан аумағы. Бұл тұжырымды айтып жүргендер аз емес. Дегенмен «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы – әлемдегі және өз жеріміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді салыстыру арқылы сараптама жасауға мүмкіндік тудырды. Осы орайда, керуен сапының келесі бағыттары – өзіміздің өңірлер, әңгімеге арқау болмақ.