Баһадүр бабаларымыздың қабірі неге қараусыз жатыр?

Ғылыми экспедиция тарихи қала Тебризде. Ел басқарған Елдегиздер мен шаһарды билеген Жалайырлар жайлы не білеміз? Баһадүр бабаларымыздың қабірі неге қараусыз жатыр? Марагадағы үш күмбез кімнің құрметіне көтерілді? Айбатынан күллі әлем жасырына жасқанған, ат тұяғының дүбірінен дүйім жұрт селк ете сескенген қазақ тайпаларының ат суытып, демін алған жерлерде басқан ізі, табандарының табы әлі сақталған. Сан ғасыр бойы ұлы даланы мекен етіп, жер жаһанда еркін билік құрған Баһадүр бабаларымыздың рухын жаңғыртып, асқақ үнін әйгілеп жүрген «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы парсыны бетке ұстап, Иранға ат басын бұрды. Әуелі тарих талайынан сыр шертіп жатқан киелі топырақ Тебризге табан тіреді.

×