Қобыланды – күллі түркінің батыры

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы парсыны бетке ұстап, Иранға ат басын бұрды. Тұнып тұрған тарихи қала Тебризге табан тіреді. Бұл шаһар ХІІ ғасырда Елдегиздер мемлекетінің елордасы болған. Қаланың қақ ортасындағы тарихи музей баһадүр бабаларымыз жайлы мол мағлұмат береді. Мұндағы алтынмен апталып, күміспен қапталған әр жәдігерден қаһарлы қыпшақтың иісі аңқиды. Тылсымға толы Тебризге саяхат барысында ғылыми экспедиция қазақ еліне қатысты тағы бір құпияның куәсі болды.