Аты аңызға айналған альпинист

Қазақ жеріндегі ең биік шың «Хан Тәңірі» туралы мәліметтердің көнесі қай ғасырға тиесілі? Жер бетіндегі алып тау жүйесі Гималай жайлы кемеңгер Абай қандай дерек келтірген? Эверестке бір емес, екі рет көтерілген қазақты білесіз бе? Тарихын тасқа қашаған түркілер үшін асқаралы таулар да айрықша мәнге ие. Оны көне аңыздардан көкейге түйеміз. Қытай жылнамаларындағы әпсаналардың біріне әл бітіргенде, түркінің арғы бабасы таудың бір үңгірінен шығады екен. Әбілғазы мен Хондемир еңбектеріндегі деректер де осы пайымды орнықтырады. 21-ші ғасыр жиһангезі Сапар Ысқақов бағындырған шыңдардың бірі – Тәңір тауындағы «Хан Тәңірі». Жеті мың метрлік бұл тау жүйесі қазақ жерінің ғана емес, солтүстік жарты шардың ең биік нүктесі. Ол қазіргі бөлініс бойынша, қазақ, қырғыз және қытай шекараларында орналасқан.