Аспан тіреген алтын Самұрық

Наурыз мерекесінің сақтар дәуірінен бері келе жатқанына қандай ескерткіш айғақ? Сақ патшасы Ариант сатқан тайқазан сақ әскерінің саны көптігін қалай білдіреді? Сақ жауынгерлерінің атағын аспандатқан қай қару?

Аспан тіреген алтын Самұрық. Мұндай құс қазір жер бетінде жоқ, бірақ болған. Осыдан қаншама ғасыр бұрын қазақ сахарасында өмір сүріпті. Табиғатпен біте қайнасып тіршілік еткен сонау сақ, ғұндар, одан кейінгі түркілер күнделікті қолданған бұйымдарына Самұрық бейнесін салыпты. Ол ұлы даланың ұрпағы саналатын қазақтың да санасында салтанат құрып тұр.

«Баяғы наурыз – басқа наурыз» деп зерттеушілер ой қозғайды. Бұрын Ұлыстың ұлы күнінде ауылдың тайқазанына әр үй өзінің пісіріп әкелген көжесін құяды екен, 30-50 тамақтың қоспасынан жасалған көже «наурыз көже» немесе «көк көже» болып шыққан деседі.

Сақтар жауынгерлік өнерде әлемдік прогресс жасаған. Әсіресе атты әскерді дамытып, солар арқылы адам айтқысыз үстемдікке ие болған. Әдетте олар садақпен, найзамен және айбалтамен қаруланады. Олардың ұшы мен жүзін жезден жасап, ал дулығасын, белбеуін, шығыршығын алтынмен аптаған.