Қарқаралы атауы немен байланысты?

Қарқаралы өңірі көптеген археологиялық ескерткішке өте бай. Ал таулары ескі заманның тұрғындарына тұрақ болған. Қаланың атауы қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі «қарқарамен» байланысты деседі. Таулардың алыстан қарағандағы пішіні «қарқара» бас киіміне ұқсас. Бұл жерде түрлі аңдардың, тіпті динозаврлардың сүйектеріне дейін табылып, ескі тұрақтардың орны сақталған. Артефактардан тыс «Үш үңгір», «Қызыл кеніш сарайы», «Құнанбай қажы мешіті» сынды тарихи орындармен танысып, өткенге көз жүгіртіңіз.