Алматы ипподромы: тарихы, құлауы және қайта самғауы

Тарихшылардың пайымдауынша, адам баласы атқа үйрене салысымен-ақ, ат спорты дүниеге келген екен. Уақыт өте адамдар будандастыруды қолға алады да, осылайша жылқының жаңа түрлері пайда болады. Ол үшін арнайы жағдайлар жасау керек болған, себебі бір тұлпар жүйрік болса, екіншісі төзімді, ал үшіншісі ауыр жүкті арқалайтын болған. Оларды сынақтардан өткізу үшін арнайы полигондар ойлап табылады. Солардың бірінің тарихы өте қызық…Ол туралы бағдарлама барысында біле аласыздар.