Адам түсінде берілетін аяндар немесе көріпкелдік

Адамдар баяғыдан өздерін не күтіп тұрғанын білгісі келетін. Біз тумай тұрып жазылып қойған өмір сценариі бар дегенге көбіміз сенеміз. Дей тұрғанмен, егер болашаққа көз тастар болсаң, белгілі бір қателіктер мен жайсыз жағдайлардың алдын алуға болады.

Болашақ  жайлы болжаулардың орындалғаны туралы тарихта көптеген деректер бар.  Оның үстіне бұлар жай жоспар немесе есептеулер емес, кәдімгі тылсым жағдайда алынған мәліметтер еді. Соңында бұл сәуегейліктер қауесеттер мен әртүрлі аңыздардың шығуына әкелді.

Сәуегейлер көшпенділердің тарихына қалай әсер етті?  Кім көріпкел бола алды? Бұл жөнінде ресми ғылым мен тарих не дейді?

Көшпенділер мәдениетіндегі сәуегейлік құпиялары мен түсте берілетін аяндар туралы бағдарламадан көре аласыздар.