Көшпенділердің сот ісі. Қылмыс пен жаза

Ежелгі көшпенділердің заңдары қандай болған? Оны бұзғандарды не жағдай күтіп тұрды?

Әлем тарихында тұрғындары заңсыздық пен варварлыққа өте бейімді деп саналатын мемлекеттер болған. Ертеде мұндай халықтарға көшпенді тайпалар да жататын. Олар жабайы, ешқандай ақылға бағынбайтын, құқықсыз әлемде өмір сүрген деген түсінік болған. Алайда көшпенді қауымның да өзінің қатал заңдары болған. Ол заңға далалықтар ғана емес, жол-жөнекей жүрген жолаушылар да бағынған. Бұл ережелер жиынтығы, тіпті Қазақстанның алғашқы Ата заңын жасауда оның негізі ретінде алынған. Көшпенді қоғамда заңды алғаш рет кім және қалай жасаған екен? Қазақтар қай заңмен өмір  сүрген, қай заң бойынша жазаланған? Қылмыс қандай болса, қолданар жаза да сондай. Бұл түсініктк қалай түсінуге болады? Бұл сұрақтардың жауабын толығырақ бағдарлама барысында біле аласыздар.