Қазан қаласының көрнекті жерлері, татар халқының қолөнері

Көне шаһар Қазандағы саяхатымыз жалғасуда. Тарихы тереңде жатқан бауырлас татар халқының қолөнері аңызға айналғаны мәлім. Ежелден бері Еділдің жағасын мекендеген осы түркі тайпалары түрлі кәсіптерін атадан балаға  қалдырып отырған. Кәзіргі таңда да ол мәдениет жалғасын табуда.