Мұнайға бай Әзербайжан

Әлемде отты мемлекет, жалынды мемлекет деген ұғым бар. Ол Әзербайжанға қатысты айтылған. Азер сөзі парсы тілінен аударғанда «от» деген мағынаны білдіреді. Ендеше біз бүгін Әзербайжанға аттанамыз.

Бакудің, тіпті күллі Әзербайжанның символы, Янардағ тауының етегіндегі ежелден бері тоқтаусыз жанып келе  жатқан от... Әрине қара жердің жанып жатқанын көргенде ғажайып құбылыс деп сөзсіз таңғаласың. Дегенмен ғылыми тұрғыдан қарасаңыз, бұның осылай лаулап жануы да табиғи заңдылық дейді, ғалымдар. Әзербайжан мұнайлы мемлекет екендігі белгілі. Янардағ – әзербайжән тілінен «жанған тау» деген мағынаны білдіреді. Бұл жотаның нақты қашаннан бастап жанып жатқаны белгісіз.