Өзбекстан. Риштан қаласы

Шырайлы Өзбекстандағы саяхатымыз жалғасада. Бұл жолы Қоқан мен Ферғана шаһарларының ортасында орналасқан Риштан атты құтты мекенге аттанамыз.

Риштан – өзінің қыш ыдыстарымен тек Өзбекстанға ғана емес, күллі Орта Азияға танылған өңір. Ол әлемдегі қыш өнерінің ежелгі орталығы болып саналады.

Өкінішке қарай қай елде болмасын ата жолын жалғастырған нағыз шеберлерді табу қиын болса, Риштанда ондай мәселе туындамайды. Яғни қаланың әр көшесінен жоқ дегенде бес шеберді кездестіруге болады. Тұрғындардың айтуынша барлық шеберлер тек ежелгі әдісті қолданады дейді. Ендеше солай екеніне бірге көз жеткізейік, танысайық, үйренейік.