Ташкент қаласы. Өзбекстанға саяхат!

Бұл жолы біз Өзбекстанның ең жас қаласының біріне бардық. Бірақ бұның өзінің 2 мың жылдық тарихы бар. Кезінде бұл құтты мекен қоныс емес, сауда керуендерінің тоқтайтын, демалатын, аттарын, түйелерін суаратын, тамақтанатын тұрағы болған. Яғни бұл даланы Тәжікстанға, Бұқара мен Самарқанға аттанатын тоғыз жолдың торабы десек болады.  

Уақыт өте келе алып шахарға айналып, бүгінде Өзбекстан мемлекетінің астанасы, бас қаласы болып отыр,Ташкентке қош келдіңіздер!