Көшпенділер жәрмеңкесі

Дүниежүзі көшпенділер ойынында спорт жарыстарынан басқа, этно жәрмеңке де ұйымдастырылған болатын. Онда саудаға салған дүниелердің өзі – сандар мен ежелгі таңбалардан тұратын ерекше заттар. Туристер мұндай дүниелерге аса қызығушылық танытатыны сөзсіз. Соның ішінде кішігірім кәде сыйлардан бастап, ұлттық киімдер, ұлттық музыка аспаптары, көшпенділердің қолданған кілемдеріне дейін бар. Жәрмеңке мақсаты – әр заттың тарихын айтып, көшпелі халықтың қолөнерін үйрету. Қырғыз елінің бірқатар қолөнерімен жақынырақ танысып, үйренгіңіз келсе, бағдарламамыздың қызықты шығарылымын көріңіз.