III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қалай өтті?

Жуырда ғана Қырғыз елінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткені баршаға аян. Бұл – әлемнің көптеген мемлекеттері жиналып, көшпелі халықтың дәстүрін жаңғыртатын дүбірлі той. Ең алғаш ойындар 2014 жылы өткізілген болатын. Бұның адамзатқа берері мол. Өйткені тек ежелгі түркілердің ғана емес, мұнда әлемнің көшпенді мәдениетіне ие болған көптеген елдердің өкілдері жиналып, өздерінің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен таныстырып, ерекше спорттық ойындар өткізілуде.

Жобаның негізгі мақсаты – көшпенді халық мәдениетін сақтап қалу. Себебі осы мәдениет адамзат өркениетінің алтын бесігі саналатыны сөзсіз. Фестивальдің қалай өтті? Қандай спорттық жарыстар көрермендердің ерекше ықыласына бөленді? Қай елдің спортшылары ең мықты саналды? Бұл туралы толығырақ бағдарлама барысынла біле аласыздар.