Жылқы шаруашылығы – көшпенділердің ежелгі кәсібі

Жылқы шаруашылығы – көшпенділердің ежелгі кәсібі. Жылқы етінің пайдасы. Қазы қалай жасалады? Адамзат жылқыны ертеден өзіне серік етіп, оны ерекше қадірлегені белгілі. Қазақ халқы өз тарихында жылқы шаруашылығын дамытуға ерекше мән берген. Толарсақтан қан кешкен соғыс кезінде болсын, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманда болсын, ауырын алысқа жеткізіп, алысты жақындатқан да – осы жылқы.