Ұйғыр халқының жерді игеру кәсібі

Түркі тілдес халықтардың арасында жерді игерген алғашқы ұлттардың бірі – ұйғырлар. Аталмыш халықтың шаңырағында міндетті түрде бау-бақша болу керек. Себебі жерге ағаш отырғызып, оның жемісін көру оларға қанмен берілген.

Ұйғыр халқының жерді игеруі осыдан 1500 жыл бұрын басталған. Бұрын-соңды бұл халық солтүстіктегі көшпелі халықтардай өмір салтын ұстанғанымен, шығыста Қытайдың, оңтүстікте Үндістанның, батыста парсы, соғды елдерінің ықпалы, көкөніс пен жемістер, бау-бақша егу, егін салу, отырықшы шаруашылық жалпы жер игеру процесінің бастамасына осы ұлы мемлекеттер негіз болған. Қазіргі таңға дейін аталмыш халық шаруашылықпен айналысуды жалғастырып келеді. Жер үйі бар ұйғырлардың міндетті түрде бау-бақшасы болады. Енді ұйғыр халқының негізгі шаруашылығының бірін көріп, танысуға барамыз.

Ендеше, атадан балаға қалған мұра біздің заманымызда қалай сақталды? Жерді игеру кәсібінде неңдей өзгерістер бар?