Шығыс Қазақстан облысы. Зайсан көлі

Шығыс Қазақстандағы көркіне көз тоймайтын жер көп, солардың ішіндегі інжу-маржаны деп, Зайсан көлін айтуға болады. Ол бірнеше өзеннің суы қосылып, тектоникалық қазаншұңқырды толтыруының нәтижесінде пайда болған. Кейбір ғалымдар «Зайсанның жаралғанына 60 миллион жылдан асып кетті және ол Жер бетіндегі ең көне көл» деп пайымдайды.     

Сондай-ақ «Марстың Жердегі бөлшегі» деген аты бар, адамды еріксіз қайран қалдыратын – Қиын Керіш шатқалын көрсетеміз.