Үндістанда коронавирус белең алып тұр: күніне 300 мыңнан аса жұқтыру, дәрі-дәрмек тапшылығы

Үндістанда коронавирус індеті белең алып, күніне 300 мыңнан аса жұқтыру тіркеліп, дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығынан жұрт дүрбелеңге салынып жатыр.

Кейбір елдер Үндістанға медициналық көмек көрсетіп жатқанда, өзгелері бұл елмен кез келген әуе қатынасын тоқтатуға асығуда. Аустралия үкіметі Үндістаннан тіпті өз азаматтарына оралуға тыйым салды. Тыйымды бұзғаны үшін 25-тен 50 мың долларға дейін айыппұл салынады немесе тіпті бес жылға түрмеге жабылуы мүмкін. Таяу уақытта Үндістан шынымен ауыр науқастарды емдеу үшін алдымен дүрбелеңді тоқтатуды, сондай-ақ жаздың ортасына дейін тағы 100 млн адамға вакцина егуді жоспарлап отыр.

Чилиде вакцина егу қарқынды жүріп жатқанына қарамастан, вирустың жаңа ошақтары пайда болуда, үйден екі рет қана шығуға болады.

Әлемде вакцина егу қарқыны бойынша Израиль мен Араб Әмірліктерінен кейінгі орынды Чили иеленеді. Бұл елде вакцинаның алғашқы дозасын халықтың тең жартысы алып үлгерді деуге болады. Үкімет маусым айына қарай тұрғындардың қалыпты тіршілік салтына оралатыны туралы уәде берген еді. Алайда мұның орнына коронавирус ошағы бұрынғыдан да өрши түсті.

Әзірше танымал туристік бағыттар карантинге жабылып жатса, Африкада жаңа курорт аймақтарының құрылысы белсенді жүріп жатыр. Бұның себебі неде?

Бенин шекарасы қазір барлық туристер үшін ашық. Басқа елдер секілді эпидемиологиялық жағдай бойынша қызыл, сары, жасыл түске де боямайды. Ең басты талап – теріс нәтижелі ПТР тест болуы керек. Осы және басқа да жаңалықтар «Стоп Ковид» бағдарламасының жаңа шығарылымында.