Мексикада жалған Ресей вакцинасы тәркіленді

* Мексикада жалған Ресей вакцинасы тәркіленді. Жасанды вакцинаны шығарып үлгерген кім?

Бүгінде Мексикада Америка, британ-швед, Қытай, Ресей вакциналары пайдаланылуда. Көп ретте Ресей вакцинасы салынып жатыр. Токио Олимпиадасына қатысатын Мексика спортшыларына дәл осы Ресей екпесін егуде. Сондай-ақ Мексикада Ресей вакцинасын қолдан жасауға тырысу оқиғалары тіркелген.

* Әлемде жұмыссыздық көрсеткіші өсіп жатса, Гренландияда жұмыс күшіне сұраныс артуда.

* Иран коронавирусты ұмытып кеткендей. Мұнда жаңа 1400 жылды қарсы алды.

Бұл жақта жыл санау басқаша. Алда екі апта демалыс. Көптеген отбасы басқа қалалардағы туыстарына баруды жоспарлап отыр. Ирандықтар тіпті айыппұлдан да қорқып отырған жоқ, оның мөлшері 8-ден 48 долларға дейін. Жергілікті халық үшін бұл – айтарлықтай сома. Елдегі орташа жалақы мөлшері 200 доллардан аспайды. Ирандағы пандемияны еске түсіретін жалғыз нәрсе – бетперде. Бірақ оны бәрі бірдей таға бермейді немесе иек тұсына түсіріп қояды.

Осы және басқа да жаңалықтар «Стоп Ковид» бағдарламасының жаңа шығарылымында.