Ольга Рыпакова: Олимпиаданың шегерілуі мен үшін тиімді болған сияқты

«Sports Nation» бағдарламасының бұл шығарылымында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковамен болған сырлы сұхбатты тамашалай аласыздар!

Ольга Рыпакова – қатарынан үш Олимпиадада олжалы болған жалғыз қазақстандық спортшы. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде қанжығасына жүлденің барлық түрін байлаған. Мұндай жетістікке әлемнің үздік спортшылары да сирек жетеді. Қазір Ольга Токиода өтетін Олимпиадаға дайындалып жатыр.

Туған жері Өскеменге неге оралды? Демалысын қалай өткізеді? Спорттық мансабын қашан аяқтайды? Бейжің Олимпиадасында орын алған жағдайға байланысты пікірі және өзге де сауалдарға жауап ала аласыздар!